“Айым 2021”бөбекжай бала-бақшасы”
“Айым 2021”бөбекжай бала-бақшасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2020 жыл балабақша болып ашылған. Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-2 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 860 кв
Құрылыс ауданы – 15 соттық
Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар.
Ғимаратта әдістемелік бөлме, медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – қазақша.
Қуаттылығы – 75, тәрбиеленушілер саны - 75.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.
Балабақшаға 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.
Балалар ED-24kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.
2025-2026 оқу жылында балабақшада 3 топ жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі күнде балабақшада 4 педагог-тәрбиеші, 5 тех.қызметкер жұмыс жасайды.
Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады.
Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 15. Кіре берісте пандус орнатылған. Дабыл түймесі орнатылған, тәулік бойы нысан күзетшілермен күзетіледі. Кіре беріс қақпаға домофон орнатылған. Тактильді жолақша бар.
Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.